Бүгін Өскеменде Күршім ауданының жәрмеңкесі өтеді

Күршім ауданы әкімдігінен
Облыс орталығына Күршім ауданының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер келді.
Жәрмеңке Сәтбаев көшесі, 39 мекенжайындағы "ТНП" дүкенінің аумағында өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
- Жәрмеңкеде Күршім ауданының шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлері қалалықтар мен қала қонақтарына өздерінің экологиялық таза өнімдерін (ет, балық, май, сүт өнімдері, күнбағыс майы, бал және т.б.) әдеттегідей арзан бағада ұсынады. Сонымен қатар, аудан өнерпаздары ән мен биден шашу шашады, - деп хабарлады Күршім ауданының әкімдігі.
Оқи отырыңыз