KZ
Өскемен
+1°
небольшой снегопад Штиль
530.12 546.08 5.17

ШҚО-да аралда қалып кеткен құлындар құтқарылды

20.05.2024, 10:01 222 Ержан Әбіш

Глубокое ауданының Прапорщиково ауылында жайылымда жүрген жылқылар ішіндегі үш құлын су айдынындағы аралға өтіп, судан жағалауға өздігінен жете алмай қалған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Тығырыққа тірелген жануарларды байқаған куәгерлер ШҚО ТЖД құтқарушыларын көмекке шақырған.

Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері қайықпен құлындар тұрған жерге жетіп, оларды аман-есен қауіпсіз жерге жеткізді.

– Бүкіл құтқару операциясында жануарлар өздерін тыныш ұстады және құтқарушыларға мойынсұнып, барлық әрекеттерді ұқыпты орындауға мүмкіндік берді, – деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.


Фото: ШҚО ТЖД

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу