Қайықпен итке жеткен құтқарушылар жануардың құйрығы бетон плиткаға мұз болып, жабысып қалғанын анықтады.
"Олар көмекке мұқтаж жануарды жылытқан соң, оны бірден құрлыққа жеткізді. Өңірде аяз әлі де күшінде, сынап бағаны -20 градус суықты көрсетіп тұр. Бүкіл құтқару операциясы кезінде ТЖ қызметінің қызметкерлері итке ұқыпты қарап, оның мұз құрсауынан аман-есен босауы үшін барын салды", - деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі