KZ
Өскемен
-11°
туман Штиль
505.15 550.31 5.89

Эндопретездеу отасын енді Алтайда да жасайтын болады

22.05.2024, 17:02 214 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы ортопедия бөлімінің меңгерушісі Думан Бәкербеков Алтай ауданаралық ауруханасының травматологтарына жамбас буынын эндопротездеу бойынша шеберлік сабағын өткізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Шеберлік сабағы барысында он жыл бойы коксартрозбен ауырған 47 жастағы ер адамға және жамбас буынының асептикалық некрозына шалдыққан 40 жастағы әйел адамға ота жасалды.

Бірінші отаны Думан Бәкербеков, екіншісін оның басшылығымен Алтай ауданаралық ауруханасы травматология бөлімінің меңгерушісі Әділ Тоқсанбаев жасады. Әділ Жуанханұлы бұған дейін облыстық емханада эндопротездеу бойынша тағылымдамадан өткен. Енді ауданаралық аурухананың дәрігерлері өздері жамбас буындарын протезге алмастыратын болады. Алтай ауруханасы осы отаға қажет құрал-жабдықтарды сатып алған.

– Жамбас сүйегі сынған науқастарға ота мүмкіндігінше тез жасалуы керек. Басқа ауруханаға тасымалдау онсыз да ауыр науқастың жағдайын нашарлатады. Енді аудандық аурухананың өзінде эндопротездеуге мүмкіндік бар. Егер әріптестерімізге қандай да бір көмек керек болса, біз қолдау білдіруге дайынбыз, – деді Думан Бәкербеков.


Фото: ШҚО ДСБ баспасөз қызметі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу