KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
475.39 513.37 5.4

Аттан құлаған тұрғынға күрделі ота жасалды – ШҚО

Фото: egemen.kz

31.08.2023, 16:30 217

ШҚО дәрігерлері аттан құлап, жамбас сүйегі сынған адамға күрделі ота жасады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ШҚО филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, аттан құлаған 60 жастағы өскемендіктің жамбас сүйегі сынған, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Осындай жағдайда адам тұра да, жүре де алмайды, негізгі қан тамырлары мен жүйке жүйесі қорғансыз қалады.

Ер адам жарақат алғаннан кейін бірден қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді. Бірақ онда жамбас сүйегінің сынықтарын емдейтін маман жоқ. Содан кейін зардап шегуші облыстық ауруханаға ауыстырылып, шұғыл ота жасалды. Хирургтер жамбас сүйектерін анатомиялық тұрғыдан дұрыс орналастырып, арнайы бұрамалармен бекітті.

– Күрделі ота сәтті аяқталды. Қазір науқас өзін бірқалыпты сезінеді, қажетті терапиядан өтіп жатыр. Мұндай ауыр жарақат алған науқастың қалпына келуіне ұзақ уақыт қажет. Пациент үйге шығарылғаннан кейін де толықтай сауыққанша төсектен тұрмай жатуы тиіс,  дейді облыстық аурухананың ортопедия бөлімінің меңгерушісі Думан Бакербеков.

Оның айтуынша, науқас шамамен екі айдан кейін ғана аяққа тұра алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив