KZ
Өскемен
+22°
переменная облачность жел 2 м/с, ОБ
450.79 482.21 5.05

Маусым айында елде құрғақшылық болады

pixabay.com

26.05.2024, 19:00 67 Назерке Каримова

Қазгидромет келесі айда елдің бірқатар облысында құрғақшылық болатынын болжады.

Ал шығыстың Катонқарағай ауданында бірқалыпты ылғалды болатынын болжайды синоптиктер, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында; Маңғыстау облысының Маңғыстау және Қарақия аудандарында; Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданында; Қарағанды облысының Шет ауданында атмосфералық құрғақшылық күтіледі, - деп мәлімдеді «Қазгидромет» РМК. – Ал Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданында, Павлодар облысының Успенка ауданында және Павлодар қаласында маусым айында бірқалыпты ылғалды жағдай күтіледі.


Елдің қалған бөлігінде ылғалдандыру жағдайлары осы ай үшін нормаға жуық болады деп күтілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив