KZ
Өскемен
+27°
небольшой дождь жел 1 м/с, С
450.79 482.21 5.05

Риддерде екі жүзден астам түлек мектеп бітірді

Риддер қаласы әкімдігінен
Риддер қаласы әкімдігінен
26.05.2024, 15:00 100 Назерке Каримова

Риддер қаласысындағы 33 мектептен биыл 201 түлек үлкен өмірге қанат қақты.

Оның ішінде «Алтын белгіден» жеті түлек, «Үздік аттестаттан» 14 түлек үміткер, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Риддер қаласы әкімінің орынбасары Ерболат Ошақбаев №11 мектеп және «Шаңырақ» көпсалалы мектеп-гимназиясының ұстаздарын, оқушылардың ата-аналары мен мектеп бітіруші түлектерін оқу жылының аяқталуымен құттықтады.

- Бүгін Риддер қаласының барлық мектептерінде түлектер үшін соңғы қоңырау соғылуда. Тарыдай болып кірген кешегі бүлдіршіндер бүгін таудай болып алтын ұя мектептерінен түлеп ұшып барады. Құрметті түлектер, ертеңгі еліміздің тізгінін ұстар білімді, рухы биік болып ер жетер азамат сіздерсіздер. Мемлекет басшысы баршаңызға үлкен үміт артып отыр. Өйткені сіздер - Қазақстанның болашағысыздар. Ұлан байтақ жерімізді ақ найза ұшы, ақ білектің күшімен қорғап қалған бабалар аманатын орындайтын, осы елімізді өркендететін сіздердей жас ұрпаққа үлкен үміт артып, ақ жол тілеп шығарып саламыз, - деді Ерболат Ошақбаев.

Жиналғандарға мектеп оқушылары шағын концерттік бағдарламасын ұсынып, жас кадет сарбаздары өз өнерлерін көрсетті.

- Риддер қаласындағы білім ошақтарынан 667 бала 9-сыныпты бітіріп отыр. Оның ішінде 32 түлек негізгі орта білім туралы үздік аттестатқа ұсынылады, - деп хабарлады Риддер қалалық әкімдігі. - Ұлттық бірыңғай тестілеуге қала мектептерінің 155 түлегі қатысуды жоспарлап отыр. 2023 жылғы ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл - 71.

Риддер қаласында барлығы 33 білім беру ұйымы, 852 педагог жұмыс істейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив