KZ
Өскемен
+6°
пасмурно жел 5 м/с, СБ
478.54 533.76 5.17

Жыл соңына дейін 170 ауыл мектебіне «Starlink» жүйесі орнатылады – ШҚО

Фото: depositphotos.com

28.05.2024, 12:23 123 Ержан Әбіш

Жыл соңына дейін облыстың 170 ауыл мектебіне «Starlink» жүйесі орнатылатын болады. Әзірге бұл жүйе Үлкен Нарын ауданындағы Сенное, Күршім ауданындағы Маралды және Зайсан ауданындағы Жаңатұрмыс ауылдарының мектептеріне қосылған.

Облыстық білім басқармасы «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» акционерлік қоғамымен бірге барлық аудандардағы шалғай ауылдардың мектептерін «Starlink» спутниктік Интернетіне қосу жөніндегі қанатқақты жобаны бастап отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Starlink-тің басты артықшылығы – Интернетке қосылу жылдамдығы. Әдетте бұл желідегі жылдамдық секундына 150 мегабитке дейін жетеді. Сонымен қатар Starlink сымды интернет жоқ жерлерде, яғни шалғай ауылдарда және таулы өлкелерде тиімді, – дейді «Өркен» өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының бөлім меңгерушісі Дәурен Мамырбаев.

Бүгінде ғаламтор білім алу үшін қажеттілікке айналған. Жылдамдығы жоғары Интернетке қосылған соң ұстаздар мен оқушылар оқу процесіне қажет материалдарды ғаламтордан қиындықсыз жүктеп, электронды білім ресурстарына кіре алатын болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив