KZ
Өскемен
ясно жел 1,4 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Өскемендегі жертөлелердің бірінде синтетикалық есірткі жасалған

30.05.2024, 09:39 97 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстан полицейлері Өскемендегі жалдамалы жертөледен аса ірі мөлшердегі синтетикалық есірткі заттарын және зертхана жабдықтарын тапты, деп хабарлайды Altainews.kzтілшісі.

Тәртіп сақшылары 1,4 кг мефедрон, 1,6 тонна химиялық сұйықтықты тәркіледі. Осылайша, полиция қызметкерлері шамамен 100 келі синтетикалық есірткінің өндірісіне тосқауыл қойды.

Аса ірі көлемде есірткіні заңсыз өңдеу, сатып алу, сақтау және өндіру бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Есірткі зертханасын құрып, тыйым салынған заттарды жасаумен айналысқан облыс орталығының 41 жастағы тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ер адам 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив