ШҚО-да 23 адамнан көкжөтел анықталды
Фото: stan.kz
Шығыс Қазақстанда көкжөтелдің расталған 23 жағдайы тіркелді. Облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті таратқан мәліметке сүйенсек, науқастардың көпшілігі 14 жасқа дейінгі балалар.
Оның ішінде 1 жасқа дейінгі 3 баладан және 5 жасқа дейінгі 19 баладан анықталған. Барлығы Өскемен қаласының тұрғындары, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
- Диагноз қойылған балалардың барлығы өзіндік себептермен вакцинацияланбаған. Кейбірі егу жасына жетпесе, кейбірінің жағдайда ата-аналардың вакцинациядан бас тартыпты, - деді ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина.
Айта кету керек, 2023 жылы өңір бойынша Өскемен мен Күршім ауданында 14 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтелдің расталған 3 жағдайы ғана тіркелген.
- Эпидемиологиялық зерттеу көрсеткендей, өткен жылыда көкжөтел вакцина алмаған балаларда тіркелген. Биылда дәл сондай жағдай қайталанып отыр, - деп атап өтті Сәуле Слямғазина.
Оқи отырыңыз