Жыл соңына дейін мұқтаж отбасылар үшін 766 пәтер сатып алынады – ШҚО
Шығыс Қазақстан облысында тұрғын үй құрылысы мемлекеттік қаржыландыру есебінен де қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін тұрғындардың әлеуметтік осал топтары үшін 15,5 млрд теңгеге жалпы ауданы 46 мың шаршы метр болатын 766 пәтер сатып алу жоспарлануда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Облыстық әкімдік мәжілісінде ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Дидар Кеңесбаев «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша 156 пәтер республикалық бюджет есебінен, ал 610 пәтер бағалы қағаздар шығару есебінен сатылып алынатынын айтты.
Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау туралы айта келе, облыс әкімі Ермек Көшербаев тұрғын үймен бірінші кезекте жетім балалар мен көпбалалы отбасыларды қамту қажеттігін атап өтті.
Аймақ басшысы тиісті басқармаларға осы аптаның соңына дейін мемлекеттен тұрғын үйге квота алмаған, бірақ оған аса мұқтаж жетім балалардың тізімін дайындауды және оларға қолдау көрсету мәселесін бизнес саласының өкілдерімен бірге пысықтауды ұсынды.
Сонымен қатар өңір басшысы қалалар мен аудандар бойынша тұрғын үйге кезекте тұрғандардың тізімін ашық жария етуді тапсырды.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда облыстық білім басқармасының мәліметінше, «Мейірім» бағдарламасы аясында 300 баланың 117-сі қолдау шараларымен қамтылған.