Өскеменде жоғалған баланың денесі Шемонаиха ауданынан табылды
ШҚО ПД
Кеше 7 жастағы Богданның денесі Барашки ауылының маңындағы Ертіс өзенінен табылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, баланың денесінен ешқандай көзге көрінетін жарақаттар анықталмаған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
Естеріңізге сала кетейік, 23 шілде күні 7 жастағы Богдан Иванов үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Кейін оның киімдері мен аяқ киімі "Самал" саябағындағы жағалаудан табылды.
Оқи отырыңыз