KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
517.66 606.49 6.44

Асубұлақ жақтағы орманда өрт шыққан ба?

Шартты сурет: cdnstatic.rg.ru

9.08.2024, 14:35 317 Мадина Амангелдіқызы

Ұлан ауданынының Асубұлақ кентіндегі орман шаруашылығында өрт шықты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Біздегі ақпарат бойынша, Қасым Қайсенов кентінің өрт сөндіру бөлімінен 9 тамызда сағат 11:20 кезінде «Асубұлақ орман шаруашылығы» КММ (Приморск орманшылығы) аумағында түтін нүктесі анықталғаны туралы хабарлама түскен. Өрт орнына Асубұлақ орман шаруашылығынан 15 адам мен 3 техника, Асубұлақ кентінің өрт сөндіру бөлімінен 5 адам және 2 автоцистерна жіберілді.

Айта кетсек, аймақ басшылығы өрт қауіпті кезеңде парктер мен ормандардағы қауіпсіздік мәселесін жіті бақылауда ұстап отыр.  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу