KZ
Өскемен
+2°
переменная облачность жел 3 м/с, З
477.62 527.67 5.25

Алтай ауданында оқушыларға арналған жәрмеңке өтті

instagram/renatkurmambaev

17.08.2024, 19:00 177 Назерке Каримова

«Мектепке жол» акциясы аясында Алтай ауданында мектеп формасы мен оқу құралдарының арнайы жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеде мектеп киімдері мен аяқ киімнің мол таңдауы ұсынылып,  тауарларлар өндіруші бағасымен қосымша төлемсіз сатылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Мектеп жәрмеңкесі Алтай, Серебрянск қалаларында және басқа да елді мекендерде ұйымдастырылды. 50-ден астам сауда орындары орнатылып, онда кәсіпкерлер оқу кітаптары мен кеңсе тауарларын, мектеп формасын, оқушыларға арналған спорттық киімдер мен аяқ киімдерді саудалады. Жәрмеңке тұрғындарға балаларын жаңа оқу жылына дайындауда көмек және қолдау көрсету мақсатында өткізіліп отыр, - деді Алтай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев.


Мектеп жәрмеңкелері оқу жылы басталар алдында апта сайын өткізілетін болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив