KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Өңірлік кадрлық резервіне іріктеу аяқталуға жақын – ШҚО

20.08.2024, 17:16 148 Ләззат Қанатқызы

Шығыс Қазақстан облысында өңірлік кадр резервіне кандидаттарды іріктеу аяқталуға жақын.

Аталмыш конкурсқа қатысуға 386 адам өтінім беріп, құжат бойынша 295-і алдын ала іріктеуден өтті, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

- Бірінші кезеңге 214 үміткер қатысып, 109 – ы келесі кезеңге өткен. Екінші кезең - жеке қасиеттерін бағалау тестілеуінен 42 үміткер үшінші кезеңге жолдама алды. Бұл - «Құзыреттерді бағалау». Одан 30 адам «Комиссиядағы құрылымдық сұхбатқа» жіберілді, - дейді комиссия мүшелері.

Үміткерлер аймақтық комиссия алдында алдын ала таңдалған салалар бойынша бойынша өз жобаларын ұсынды. Ол берілген критерийлер бойынша бағаланды.

- Мен балалардың дене шынықтыру сабағына қызығушылығын арттыру бағытында жоба дайындадым. Қазіргі таңда өзім М.Әуезов атындағы № 17 мектепте дене шынықтыру пәнінен сабақ беремін. Бұл жоба барлық мектептерде жүзеге асырылса балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын жақсаруға өз септігін тигізетініне сенімім мол, - деді үміткер Руслан Израильов.

Айта кету керек, өңірлік кадр резервіне іріктеу жүргізілетін салалық бағыттар айқындалған: индустрия және өнеркәсіп, экономика және қаржы, әлеуметтік сала, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым, агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары, цифрландыру, экология. Резервке іріктеу бес кезеңнен тұрады.

Іріктеу қорытындысы бойынша 20 адам резервке алынады.

Фото: Нелли Петенева 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу