KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Аурухана ауласына гүл өсіріп отыр

22.08.2024, 09:03 76 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығының бас медбикесі мекеме аумағында гүл бағын өсіріп отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Гүл бағы аурухана аумағындағы скверде орналасқан. Алуан түрлі шешектер науқастарды қуантуда.

Юлия Беспалова денсаулық сақтау саласында 30 жылдай қызмет етіп келеді.

­– Ол – өте еңбекқор жан. Бірнеше раушан гүлін сатып алып, алғашында оларды өз кабинетінде өсірді. Кейін аулаға апарып екті, – дейді Юлия Владимировнаның әріптестері.

Юлия Беспалова өз мамандығын жақсы көреді.

– Осы мамандықты таңдағаныма еш өкінген емеспін. Әлеуметтік желілерде біздің аурухана туралы жағымсыз пікірлерді оқығанда жүрегім ауырады, мақтап жатса, балаша қуанамын. Жалпы, орталық қызметкерлері жыл сайын аумақты абаттандырып, ағаштар егеді, – дейді ол.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив