Алтай ауданында 15 балалар ойын алаңы ашылды
Конституция күні қарсаңында Алтай ауданының бірнеше ауылында балалар ойын алаңдары ашылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Подорленок, Никольское, Прибрежный, Октябрьский сынды ауылдың балалары енді жаңа ойын алаңдарында ойнайтын болады.
Ойын алаңдары түрлі түсті, заманауи талаптарға сай құралдармен жабдықталған. Балалар жаңа әткеншек пен сырғанақ, жасанды газон, Workout алаңына қуаныш білдірді.
Бұл алаңдар енді ауыл жастарының бас қосып, дене шынықтыратын сүйікті орындарына айналары сөзсіз.
Оқи отырыңыз