KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 6 м/с, ОШ
488.11 530.09 5.01

Жыл басынан бері 9,1 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды - ШҚО

Фото: gov.kz

4.03.2024, 14:00 145 Ләззат Қанатқызы

Былтыр ШҚО бойынша 125,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған. Бұл орайда негізгі жұмысты қалалар мен аудан әкімдіктері жерді ерікті түрде қайтару және жалдау мерзімінің аяқталауы есебінен жүзеге асырып отыр.
Мемлекет басшысы пайдаланылмай бос жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша тапсырма берген болатын, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– 2022 жылғы ғарыштық мониторинг қорытындысы бойынша облыста 2755 субъектінің 508,8 мың га көлеміндегі пайдаланылмай жатқан жері анықталды. Барлығына қатысты профилактикалық бақылау жүргізіліп, 83 мың га бақылаудан алынып, жерді пайдалану бойынша шаралар қабылданды. 26,1 мың га мемлекет меншігіне қайтарылған, 51,4 мың га жер учаскесі бойынша жер пайдаланушы ауыстырылды. Қалған 348,3 мың га жер ресурстарын басқару департаментінде бақылауда тұр, - деп атап өтті жер қатынастары басқармасының басшысы Надежда Михейлис.

Алайда биыл профилактикалық бақылауға 132,4 мың га алаңда тек 156 нұсқау енгізілген. Ауданы 100 гектардан аз жер учаскелері бойынша тексеруді аудан-қалалардың жер қатынастары бөлімдерінің хаты негізінде жүзеге асыру жоспарланған. Себебі тәуекелдерді бағалаудың бекітілген критерийлеріне сәйкес ауданы 100 гректардан аз жер учаскелері төмен тәуекелдерге жатады және профилактикалық бақылаудың жалпы тізіміне енгізілмейді.

-    Биыл мемлекет меншігіне 9,1 мың га жер қайтарылды, оның ішінде Алтай ауданында – 0,3 мың га, Глубокое ауданында – 0,1 мың га, Зайсан ауданында – 2,7 мың га, Күршім ауданында – 5,3 мың га, Ұлан ауданында – 0,6 мың га. 2022 жылдан бастап қайтарылған жер көлемі 234,7 мың га болды, - деп толықтырды жер қатынастары басқармасының басшысы.

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев Самар, Катонқарағай және Тарбағатай аудандарында биыл пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару жұмыстары жүргізілмей жатқанын ескертті.

– Ауыл тұрғындарымен кездескен сайын, маған бірінші кезекте осы сұрақты қояды. Халықта мал жаятын, бақша дақылдарын егетін жер тапшы. Осыған байланысты, қалалар мен аудандардың әкімдеріне пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін анықтауды және заңнамада көзделген барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырамын. Егер шаруа қожалықтарын қолдайтынымыз рас болса жұмысты ширатып, күн тәртібінде тұрған бұл мәселені жүйелі түрде шешу керек. Жалпы, облыстағы барлық ауылшаруашылық жерлерін геопорталға енгізу – негізгі міндетіміздің біріне айналуға тиіс. Болашақта порталға кіріп, қай жер бос, қай жер бос емес екенін, оның кімге тиесілі екенін білетіндей жағдайға жетуіміз керек. Алдағы уақытта бұл мәселеге қатысты жеке отырыс өткізіп, аудан басшылықтарының есептерін тыңдайтын боламыз. Қалай болғанда да, биылғы алғашқы жартыжылдықта бұл мәселені біржақты етуіміз шарт, - деп атап өтті өңір басшысы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив