KZ
Өскемен
-12°
переменная облачность жел 4 м/с, ОШ
525.11 546.74 4.88

Қарттар үйінде неке қиылды – Өскемен

6.09.2024, 12:52 151 Ержан Әбіш

ШҚО-ның АХАТ қызметкерлері Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында неке тіркеу рәсімін өткізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

АХАТ басқармасының басшысы Әлия Қырықпаеваның айтуынша, атаулы күндері шаңырақ көтергісі келетіндер көп. Бұл жолы жұбайлар некелерін рәсімдеу үшін Отбасы күнін таңдаған екен.

Людмила Николаевна 71 жасында жан жарын кезіктірем деп ойламағанын айтады. Ол тағдыр жазып, Қарттар үйіне ертеректе түскен. 64 жастағы күйеу жігіт қалыңдығын ерекше жақсы көреді. Екеуінің де артында тұтас өмір бар, бүгінде олар бақытты.

– Біз екі ай кездестік, ұсыныс жасады, келісімімді бердім. Некемізді қидырдық. Енді осында бірге тұрамыз, бізге бөлек бөлме берілді. АХАТ қызметкерлеріне бізге келіп, некемізді тіркегені үшін көп рақмет! ­– дейді Людмила Николаевна.

Еске салайық, некеге тұруға ниет білдірушілер тіркеуші органға жеке куәлікпен келуі керек. Өтінім берген кезде салтанатты жағдайда өткізу-өткізбеуін таңдай алады.

Айта кетейік, соңғы рет некелерін 24 тамызда (24.08.24) заңдастырғысы келгендер көп болды. Бұл күні 80-ге жуық жұп тіркеліпті.

Фото: «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы ШҚО филиалының баспасөз қызметі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу