KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
443.72 482.28 4.9

Шаруаларға дизель 15%-ға төмен бағамен сатылады

Фото: aqmeshit-zhastary.kz

10.05.2024, 16:16 50 Ләззат Қанатқызы

Биыл шаруаларға дизель 15%-ға төмен бағамен сатылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлім етті, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.  

Биыл егін маусымында шаруаларға 376 мың тонна дизель отыны бөлінді.

- Шаруаларды жеңілдетілген жанар-жағармай қамтамасыз ету мақсатында бағасы литріне 250 теңгемен 376 мың тонна дизель бөлінді. Бұл нарықтағы бағадан 15%-ға арзан. Алайда, жергілікті жерлерде дизельді жөнелту жұмыстары өте баяу жүргізілуде. Бүгінде 194,2 мың тонна ғана (52%) дизель отыны жөнелтілді. Осыған байланысты, облыс әкімдіктері қысқа мерзімде жанар-жағармайды кестеге сәйкес жөнелтуді қамтамасыз етуі қажет, - деді Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында. 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив