KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 6 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Су үнемдеу технологиясына қажетті техника өзімізде шығарылады

Фото: spkertis.kz

Бүгін, 12:40 0 Айжанат Бақытқызы

Биыл облыс көлемінде 15 агро-өндірістік кешеннің жобасы жүзеге асырылуда және бұл мақсатта 38,3 млрд. теңге қаражат бөлінген,  деп хабарлайды Altainews тілшісі.  

Бұл туралы облыстық мәслихат сессиясында айтылды. Аймақ басшысының айтуынша, қазіргі таңда 15 жобаның сегізі іске қосылған. Оған 1,7 млрд. теңге бөлінді. Су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша Ұлан ауданында төрт нысан салынып, Зайсан ауданында бір жоба жүзеге асырылды. Бұдан бөлек, Өскеменде қуаттылығы 21,6 мың тонна астық өңдейтін ұн тарту зауыты қолданысқа берілді.

Сонымен қатар, суармалы егіншілікті дамыту үшін «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік кәсіпорны жеке кәсіпкер SPACETIME-мен бірлесіп, «ERTIS BEREKE OSKEMEN» кәсіпорнын құрды. Ол «SuBereke» маркалы брендпен отандық жаңбырлату қондырғыларын шығарады. Бұл жобаның құны 5,8 млрд. теңге.

"Облыс бойынша суарудың су үнемдеу технологияларын қолданатын алаң 8,9 мың гектарды құрап отыр. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 50 пайызға артты немесе үш мың гектарға ұлғайтылды", - деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив