KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 6 м/с, ОШ
478.93 534.96 5.16

Дүбірлі додадан жеңіспен келген жерлестеріміз қаржылай сыйлыққа кенелді

Бүгін, 16:20 40 Айжанат Бақытқызы

«Бүгін V дүниежүзілік көшпенділер ойындарынан жүлдемен оралған жерлестерімізді облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев марапаттады», деп хабарлайды Altainews kz тілшісі. 

Салтанатты шара барысында облыс әкімінің орынбасары өңірде спорт саласын дамыту үшін тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті. Бұдан бөлек, Ербол Нұрғалиев спортшылардың бұл саланы дамытуға байланысты ұсыныстары болса, оны ашық айтуға шақырды. 

"V дүниежүзілік көшпенділер ойындары жоғары деңгейде өтті. Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушылары әлі күнге дейін қызу талқылап жатыр. Әлемдік деңгейдегі айтулы шараға біздің облыстан 13 спортшы қатысып, үздік көрсеткішпен оралды. Айта кетейік, біз дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел абыройын қорғаған әр азамат үшін жанкүйер болдық", – деді  Ербол Нұрғалиев.

Салтанатты шара соңында аймақ басшысының орынбасары V дүниежүзілік көшпенділер ойындарында садақ атудан екінші орынды иеленген Ажар Төлеухановаға облыс әкімінің атынан 700 мың теңгені табыстады. Ал таяқ тартудан үшінші орынды Тахмина Қожамбердиева мен Ольга Душаеваға 500 мың теңгеден берілді.

                                                                                                                                                           Ажар Мұратқызы

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив