KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 4 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Өскеменде бір күнде екі баланы көлік қағып, біреуі көз жұмды

pexels.com

Бүгін, 12:00 0 Назерке Каримова

Бейсенбіде күндіз Ғарышкерлер көшесінде қыз баланы көлік қағып кетсе, кешкісін Ахмер ауылындағы Тоғас көшесінде ұл бала көлік астына түсті.

Қыз бала ауруханаға жеткізілсе, ұл бала ауруханаға жетпей көз жұмды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО ПД баспасөз қызметі ақпаратына сүйенсек, 19 қыркүйек күні сағат 13.00-дер шамасында ВАЗ 21144 автокөлігінің жүргізушісі реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде мектеп оқушысына жол бермей, оны қағып кетті.

Жүргізуші жаяу жүргіншіге жол бермегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады баспасөз қызметі.


Жергілікті тұрғындар бұл маңда екі мектеп барын және балалар жолдан өтетіні үшін бұл жол үстіне жылдамдық бәсеңдеткіш орнатуды ұсынған. Сондай-ақ, дол үстіндегі ала сызық та өшіп барады, дұрыс көрінбейді.

Ғарышкерлер көшесіндегі бұл жол учаскесінде жылдамдықты 40 километрге дейін шектеу белгісі қойылған, - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі. - Жол үстіне жылдамдық бәсеңдеткіш орнату туралы ұсыныс жергілікті атқарушы органға жіберілді. Ал 1.14.1 "Зебра" жол белгісі жақын күндері жаңартылатын болады.


Сол күні әлеуметтік желі қолданушылары Ахмер ауылындағы Тоғас көшесінде ұл баланы көлік қағып кеткені туралы жазды. Бала ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды. ШҚО Денсаулық сақтау басқармасындағылар бұл ақпаратты растады. Іс материалдары прокуратурада жатқандықтан ШҚО ПД бұл оқиғаға қатысты пікір білдіре алмады.

Ал кеше Ахмер ауылының тұрғындары Тоғас тас жолын тауып тастап, жолдың бұл бөлігін жарықтандырып, бағдаршам орнатуды талап етті. Оқиға орнына қалалық Өскемен қалалық полиция қызметкерлері мен қала басшысы келіп, халықтың талап-тілегін тыңдады. Мәселені шешуге уәде етті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив