Саясат Нұрбек: Мақсатымыз –Шығыс Қазақстанда кемінде екі мықты ғылыми -зерттеу орталығын қалыптастыру
Қазақстан-Американдық еркін университетінде «Өңірлік жоғары оқу орындарында ғылымды дамыту мәселелері» тақырыбында еліміздегі жоғары оқу орындары (ЖОО) Қауымдастығының жалпы көшпелі жиналысы өтті.
Жиынға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, халықаралық аккредиттеу агенттіктерінің өкілдері, шетелдік серіктестер, ҚР жоғары оқу орындарының ректорлары, АҚШ, Германия, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Германия, Филиппин, Ауғанстан, Нигерия ғалымдары мен оқытушылары, ҚАЕУ, ҚЭК колледжі, ҚАЕУ Жоғары колледжі, С.Аманжолов атындағы ШҚУ, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ профессор-оқытушылар құрамы қатысты.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мемлекет басшысының алдыға қойып отырғанындай елімізде жоғары білім беруді интернациоландыру қарқын алғанын, ғылымды дамытып, ғылым мен өндірістің байланысын арттыруға басты назар аударылып отырғанын, осы орайда әр облыстың, аймақтың экономикасын өркендетуде өңірлік жоғары оқу орындарының ғылыми әлеуетін, мүмкінідігін пайдаланып, арттыру қажеттігін атап айтты.
Минитсрдің айтқанындай, қазіргі күні қазақстандық ЖОО ларда шетелдік жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнатып, сұранысқа ие тапшы мамандарды даярлау үрдісі жолға қойылып отыр. Жоғары білім беруді нтернационалдандыру 2029 жылға дейін жоспарланған Қазақстан Республикасындағы жоғары білім мен ғылымды дамытудың жаңа тұжырымдамасының басым бағыттарының бірі болып отыр.
-Қазақстанда жоғары білім беруді интернациоландыру қарқын алуда. Халықаралық ынтымақтастықты, қос дипломды және халықаралық бағдарламаларды, жоғары оқу орындарында бірлескен ғылыми жұмыстарды дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеміз. Елде бірінен соң бірі таяу және алыс шетелдердің озық университеттерінің филиалдары ашылып, академиялық ұтқырлық дамуда, жаңа бірлескен ғылыми жобалар пайда болуда. Өз кезегінде қазақстандық жоғары оқу орындары көрші елдерде өз филиалдарын аша бастады, шетелдік студенттер саны артып келеді. Шығыс Қазақстанда жоғары білім беру бағытында кен байыту, машина жасау, сирек кездесетін металдар, металлургия өндірістері, көлік -логистика, ауыл шаруашылығы тәрізді өзінің дәстүрлі қалыптасқан бағыты бар. Біз өңірдегі мемлекеттік және жеке меншік университеттерге де толық қолдау көрсетеміз. Мақсатымыз- Шығыс Қазақстан өңірінде кемінде екі мықты ғылыми зерттеу орталықтарын қалыптастыру. Жалпы Қазақстанда белгілі шетелдік университеттердің филиалдары көптеп ашылып жатыр, Биылға дейін 23 филиал ашылса, келесі жылы тағы да 10 филиал ашылып, 33 ке жетеді,-деді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.
Жанаргүл Мұқатай