Назарбаев Университеті ерекше мәртебесінен айырыла ма?
Сурет: nu.edu.kz
Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Назарбаев университеті ерекше мәртебесінен айырыла ма деген сауалға жауап берді.
Ол университеттің мәртебесі «Назарбаев Университетінің, НЗМ және Қордың мәртебесі туралы» жеке заңда нақты көрсетілгенін атап өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz cайты Zakon.kz жаңалықтар порталына сілтеме жасап.
Бірақ біраз өзгерістер бар – қамқоршылар кеңесі және премьер-министр басқаратын жоғары қамқоршылар кеңесі құрылды.
17 мамырда Мәжілісте өткен Үкімет сағатында депутаттар Назарбаев университетін сынға алды. Осы орайда Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мұның бірінші президентке қатысы жоқтығын айтып, бұл мәселені саясиландырмауды өтінді.