Онкологиялық орталықта ашық есік күні өтеді – ШҚО
Фото: depositphotos.com
ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығында 14 қыркүйек күні әйел жыныс саласының қатерлі ісіктерінің алдын алуға және ерте диагностикалауға арналған Ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
Айта кету керек, шара барысында терапевтің жолдамасынсыз және МӘМС жүйесіндегі мәртебеңізге қарамастан, орталықтың жетекші мамандарынан кеңес ала аласыз. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы керек.
Емханада жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан Ашық есік күні орталықтың стационарлық бөлімшесінде өтеді.
Мекенжайы: Потанин к., 6, 2-корпус. Барлық сұрақтар бойынша 8 (7232) 48-91-51, 8 778 003 78 45 телефондары арқылы хабарласуға болады.