KZ
Өскемен
-6°
небольшой снег жел 4 м/с, З
509.84 595.75 6.47

Өкпенің қатерлі ісігінің алдын алу: Шығысқазақстандықтар тегін тексеріле алады

29.07.2024, 09:09 391 Айна Ескенқызы

1 және 2 тамызда сағат 08.00- 13.00 аралығында Шығыс Қазақстан облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығында өкпенің қатерлі ісігін ерте анықтау және алдын алу бойынша кезекті ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

-Бұл күні облыс тұрғындары МӘМС жүйесіндегі статусына қарамастан, орталықтың жетекші мамандарынан кеңес ала алады. Терапевт дәрігерден жолдама талап етілмейді. Өзіңізбен бірге тек жеке куәлігіңіз болуы керек, - деді орталықта.

Мекенжайы: Өскемен қ., Потанин к-сі, 6, 1-корпус, консультациялық-диагностикалық бөлімше (емхана).

Байланыс нөмірлері: +7(7232) 48-91-51, +7 778 003-78-45.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу