KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 6 м/с, СБ
483.23 534.74 5.12

Ақбауырдан табылған археологиялық жәдігерлер таныстырылды

Бүгін, 16:00 2 Ержан Әбіш

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде биыл ШҚО-да жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесі бойынша «Ұлы даланың элиталық ескерткіштері» атты ғылыми-практикалық семинар өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Оған археология, тарих саласының ғалымдары, С. Аманжолов атындағы ШҚУ студентері қатысып, осы жазда Ақбауыр шатқалында жүргізілген практикалық жұмыстары жайында жан-жақты мәлімет берді.

Мұражай қызметкері, жалпы тарихты, археологияны және этнографияны ғылыми-зерттеумен қамтамасыз ету бөлімінің маманы Шұғыла Меделбек жиналғандарды құнды жәдігерлермен және Ақбауыр тарихи-археологиялық кешенінде профессор Зейнолла Самашев бастаған зерттеушілер тобы ашқан жаңалықтармен таныстырды.

­– Семинардың мақсаты – археологиялық зерттеулердің маңызын көрсету, – деді ол.

Сондай-ақ облыстық тарихи-өлкетану музейі ғылыми-археологиялық зерттеулер бөлімінің маманы Максим Половцев, С. Аманжолов атындағы ШҚУ тарих факультетінің студенттері Дәулет Дәулетханов пен Дулат Талғатұлы Ақбауыр шатқалында атқарған қазба жұмыстары жайында баяндап, осы бағыттағы болашақ жоспарларымен бөлісті.

Фото: Аяужан Утеулинова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив