Бүгін онкологиялық орталықта Ашық есік күні
freepik.com
Бүгін дәрігерлер бас және мойын ісіктерін ерте диагностикалау және алдын алу бойынша тегін қабылдау жүргізеді.
Өскемен қаласының тұрғындары бүгін сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығын келіп, дәрігер тексеруінен өте алады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұл күні Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан орталықтың жетекші мамандарынан кеңес ала алады. Өзіңізбен бірге тек жеке куәлігіңіз болуы керек.
Бас және мойын қатерлі ісігі - бұл әртүрлі аймақтарда дами алатын қатерлі ісіктер тобы: ауыз қуысы, жұтқыншақ, көмей, мұрын, параназальды синус, қалқанша без, бас және мойын терісі.
ШҚО КОжХО-ның бас және мойын ісіктерінің хирург-онкологы, жоғары санатты дәрігер Жандос Мағзұмовтың айтуынша, мұндай ісіктердің жаңа жағдайлары жиі кездеседі, бірақ қарапайым ережелерді сақтай отырып, олардың ушығу қаупін едәуір азайтуға болады.
Бұл жерлерде қатерлі ісіктің пайда болуының негізгі факторларының бірі -темекі шегу, алкогольді шамадан тыс тұтыну. Сондықтан дәрігерлер әрқашан жаман әдеттерден бас тарту өмір сапасын едәуір жақсартатынын еске салады.
Сондай-ақ, дәрігер ауыз қуысының гигиенасын сақтаудың және жылына екі рет тіс дәрігеріне барудың маңыздылығын атап өтті.
Осы орайда айта кетейік, онкологиялық орталықтың емханасында жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан Ашық есік күні стационарда өтеді.
Мекенжайы: Потанин көшесі, 6, 2-корпус, артқы жақтағы есіктен кіру.
Байланыс нөмірлері: +7(7232) 48-91-51, +7 778 003-78-45.