ШҚО онкологтарының қабылдауына бір күнде 60 адам келген
ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығында бас және мойын ісіктерін ерте анықтауға арналған ашық есік күні өтті.
Бұл күні онколог мамандар тұрғындарды тегін қабылдап, ауыр дертке шалдықпас үшін қандай шаралар қабылдау қажеттігі туралы кеңестер берді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бас және мойын қатерлі ісігі - ауыз қуысы, жұтқыншақ, көмей, мұрын, параназальды синус, қалқанша без және теріні қоса алғанда, 30 локализацияда дамитын қатерлі ісіктер тобы. Осы жылдың бес айында Шығыс Қазақстан облысында бас пен мойынның қатерлі ісіктерінің 73 жаңа жағдайы анықталды. Пациенттердің орташа жасы 55-64 жасты құрады. Бұл локализациядағы қатерлі ісік ауруларының 60%-дан астамы бастапқы кезеңдерде анықталады.
ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығында бас пен мойынды диагностикалаудың барлық қажетті әдістері жүргізіледі: ультрадыбыстық, КТ, МРТ, фиброларингоскопия, сондай-ақ қалқанша безі мен лимфа түйіндерінің жұқа инелі биопсиясы ультрадыбыстық бақылаумен. Диагнозға және ісіктің таралу дәрежесіне байланысты онкологтар қатерлі ісікті емдеудің заманауи әдістерін қолданады: хирургия, химиотерапия, сәулелік терапия.