Бұқтырма көпірі толықтай отандық мамандар еңбегімен салынды - ШҚО әкімі
Бұқтырма су қоймасының үстінен өтетін көпірдің құрылысы елімізде, оның ішінде Шығыс Қазақстанда мұндай ауқымды жобаны жүзеге асыра алатын компаниялар бар екенін дәлелдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұл туралы бүгін өткен облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында облыс әкімі Ермек Көшербаев мәлім етті.
– Ағымдағы айда Күршім мен Самар аудандарының арасын жалғайтын Бұқтырма көпірі пайдалануға берілуге тиіс. Сөзсіз, бұл облысымыз үшін ғана емес, бүкіл еліміз үшін тарихи оқиға болайын деп тұр. Ең бастысы, Бұқтырма су қоймасының арғы жағындағы ағайынның көп жылдан бергі арманы орындалады. Осы ретте мұндай зор нысанды тұрғызған құрылысшыларымыздың еңбегін атап өтпеске болмайды. Негізі, Бұқтырма көпірінің құрылысы бізде де осы саланың білікті мамандары жетерлік екенін дәлелделі. Бұл құрылыста еңбек етіп жатқан жұмысшылардың арасында бірде-бір шетелдік азамат жоқ, барлығы өзіміздің жерлестер. Жұмысты бастан-аяқ өзіміздің жобалаушылар, инженерлер, прорабтар мен басқа да мамандар жасады. Сол үшін оларға көп рахмет айтқым келеді, – деді облыс әкімі.
Құрылыс жұмыстары кестеге сай аяқталып, нысан уақтылы берілетіне сенім білдірген аймақ басшысы көпірді күтіп ұстау, айналасын абаттандырып, инфрақұрылым жүргізу жағын да назардан тыс қалдыруға болмайтынын айтты. Бұл өз кезегінде өңірдің туристік тартымдылығының артуына септігін тигізері анық.
Оқи отырыңыз