Өскеменде сенбілік ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр
pexels.com
Жәрмеңке қаладағы жаңа көтерме-бөлшек сауда орталығында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Осы аптада Катонқарағай және Үлкен Нарын ауданының өнімдері саудалануда.
Өскемен қаласындағы Жібек Жолы даңғылы, 44 мекенжайында орналасқан "Алтай" жаңа көтерме-бөлшек сауда орталығының аумағында Катонқарағай және Үлкен Нарын аудандарының ауылшаруашылық тауар өндірушілері мен қала кәсіпкерлерінің қатысуымен жәрмеңке өтіп жатыр.
Сондай-ақ Нан күніне орай нан өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылады.
Жәрмеңке сағат 8.00-ден 14.00-ге дейін жалғасады.
Оқи отырыңыз