Финал. Нәтиже. “Шығыс салбурыны” аясындағы дода жеңімпаздары кімдер?
Бүгін Бозанбай ауылындағы Бүркіттөбеде “Шығыс салбурыны-2024” халықаралық фестивалі аясында өтіп жатқан құсбегілер сайысы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Республикалық “Құсбегілер” федерациясының вице-президенті Бағдат Мүптекеқызы сайын даладағы аспанасты қырағылары жарысының қорытындысын жариялады.
Жарыстың қортындысы бойынша бүркіт салудан бірінші орынды Жетісу облысынан келген құсбегі Сәлімхан Ерғазыұлы иеленді. Екінші орын астаналық Күнтуған Серікбекке бұйырды. Үшінші орынды ақмолалық Ерлан Кенжетаев пен Алматы облысының құсбегісі Олжас Бердімұрат өзара бөлісті. Ал қаршыға сайысы бойынша бірінші орын астаналық Ерасыл Серікбекұлына бұйырды. Екінші орынды Алматы облысынан келген Ермұхан Бәйетбай иеленді. Үшінші орынды Жамбыл облысының құсбегілері Жамбырбек Бердияр мен Бабажан Берікболсын алды.
Сұңқар мен ителгі салудан қарағандылық Таңат Оспанқұлов бірінші және екінші орынды қанжығасына байлап қайтты. Үшінші орынды Қарағанды облысынан келген Темірәлі Төлегенұлы мен Павлодар облысының құсбегісі Иманзайып Ермек өзара бөлісті.
Ажар Сағатпекова