Құсбегілер арасындағы үздік ұлттық киім қай өңірдікі?
“Шығыс салбурыны-2024” халықаралық фестиваліне қатысушылардың спорттық киімдері мен құстардың құрал-жабдықтарына қазылар алқасы баға берді, деп хабарлайды Altainews.kz.
“Ұлттық нақыштағы спорттық киімдер мен құстардың құрал-жабдықтарына берілген бағалар ертеңгі сайыстың қортындысында бірақ жарияланады. Артық айтқандық емес, қабылдаушы тарап ең әдемі киімдерімен дүйім жұртты көзайым етті. Бұрын ата-бабамыз әр өңірдің ерекшелігіне байланысты киінген. Соған қарап, олар келе жатқан адамның қай аймақтан екенін алыстан таныған”, - деді республикалық “Құсбегілер” федерациясының вице-президенті Бағдат Мүптекеқызы.
Айта кетейік, фестиваль аясында ертең, яғни 12 қазан күні теңге ілу, жамбы ату, асау үйрету сынды ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылады.
Ажар Мұратқызы
Оқи отырыңыз
Қыран болмысты қазақтың сайын даласында “Шығыс салбурыны” фестивалі басталды Бағдат Мүптекеқызы: «Шығыс салбурыны» – туризмнің мықты тетігі (видео)Шығыс салбурыны жақындап келедіШҚО-да бүркітшілер додасында 5 елден 17 команда бәсекелеспекШҚО-да «Шығыс салбурыны» халықаралық бүркітшілер фестивалі өтеді