Шығысқазақстандық ұстаз Назым Ақтанова Президент қолынан төсбелгі алды
35 жылдық жұмыс өтілі бар Назым Актанова "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" атағын алды. Марапатты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев табыстап, ұстаздың білім беру ісіндегі жетістіктері мен ел дамуына қосқан үлесін атап өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Назым Каирказқызы – шын мәнінде білім беру саласындағы жарқын жұлдыз, педагогикалық династияны жалғастырушы, оқушыларының жетістіктері мен дамуы үшін жан-тәнімен еңбек ететін шабыттандырушы және бағыт-бағдар беруші ұстаз.
№46 орта мектебінің химия пәні мұғалімін әріптестері құттықтап, мерекелік шара ұйымдастырды. Бұл жиында аяулы ұстаздың еткен еңбегі мен жеткен жетістіктері жайлы айтылып, қатысушылар Назым Каирказықызына білім саласына, бала тәрбиесіне сіңірген еңбегі үшін алғыс білдірді.