19-20 қазанда Астанада ШҚО-ның ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
19-20 қазанда Астанадағы Қарқаралы 1 мекенжайы бойынша ипподром аумағында Өскемен қаласы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен өңдеу кәсіпорындары және ШҚО-ның 11 ауданы Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарымен бірлесіп көшпелі жәрмеңке өткізеді, деп хабарлайды Altainews.kz.
Жәрмеңке сағат 7.00-ден 18.00-ге дейін 2 күн өтеді.
ШҚО ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындары Астана тұрғындары үшін табиғи, сапалы, экологиялық таза өнімдерін ұсынады. Өнім ассортименті 50-ден асады.
Жәрмеңкеде келесі өнімдер сатылады: бал және ара шаруашылығы өнімдері, күнбағыс майы, қарақұмық, бұршақ, сиыр, қой, жылқы еттері, сүт өнімдері: сүт, ірімшік, сүзбе, қаймақ, қымыз, құрт, шұжық, балық және балық өнімдері, панты және т.б.
Өнімдер нарықтық бағадан 15-20%-ға арзан сатылатын болады.
Астана тұрғындарына жәрмеңкеде 66,9 тонна бал, 2,5 тонна шұжық өнімдері, 8 тонна сүт өнімдері, 16 тонна өсімдік майы, 3 тонна ұн мен жарма, 8,5 тонна балық, 36,8 тонна мал мен құс еті, 3 тонна қымыз және ұлттық тағамдар, 500 литр алкогольсіз сусын және 0,8 тонна панты ұсынылады.
Барлығы 323 млн теңге сомасына 146 тонна өнімі сатылатын болады.
Өнімдер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай болады және сатушыларда өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар болады.
Сондай-ақ мәдениет басқармасы аудан әкімдіктері бірлесіп концерт, ойын-сауық ұйымдастырады.