KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СБ
504.34 556.34 5.97

Зайсанның жаңа әуежайы күре жолдың маңынан салынады

17.10.2024, 16:00 174 Ержан Әбіш

Омбы - Майқапшағай автомобиль жолының маңында орналасқан бұрынғы Сәтбай әскери әуе айлағының жер учаскесінде әуежай бой көтереді. Бұл өз кезегінде Зайсан мен Тарбағатай аудандарының тұрғындары үшін тиімді болмақ. 

– Бастапқы кезеңде сыйымдылығы 80 жолаушыға дейінгі Fokker 50, Bombardier CRJ-200, Bombardier Q400, Embraer EMB 120ER және басқа да ұқсас үлгідегі әуе кемелері үшін ұзындығы 2200 метр ұшу-қону жолақтары бар әуежай салу жоспарлануда. Болашақта әуе қатынасына сұраныс артқан кезде ұшу-қону жолақтарының ұзындығы В-737, А-321, А-320 сыйымдылығы 180 жолаушыға дейінгі әуе кемелерін пайдалануға ұзартылатын болады, – деді Қуаныш Акрамов.

Ажар Сағатбекова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу