KZ
Өскемен
-3°
туман Штиль
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

ШҚО-да SMS арқылы16 мың әлеуметтік қызмет көрсетілген

pexels.com

Кеше, 22:00 12 Назерке Каримова

Өскеменде 7500-ден астам әлеуметтік мемлекеттік қызмет проактивті түрде көрсетілді.

Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызметтерді алудың проактивті форматы көп қолданылуда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Мәселен, биыл SMS арқылы 16 мыңға жуық әлеуметтік қызмет көрсетілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26 пайызға артық.

Проактивті тіркеудің басым бөлігі Өскеменде екенін ескеру керек. Жыл басынан бері Халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш бермей, 7500-ден астам қала тұрғыны жәрдемақылар алған. Оның ішінде 500-ден астам адам көпбалалы отбасыларға жәрдемақы рәсімдесе, 100-ге жуығы "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқасымен марапатталған аналар жәрдемақысы.

- Қызметті проактивті  түрде алу үшін жас аналар тек SMS арқылы келісім беру қажет. Барлық қажетті мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен автоматты түрде беріледі. Бірақ, көрсетілетін қызметті алушының телефон нөмірі мобильді азаматтар базасында тіркелуі, яғни мәліметтер электрондық үкімет порталында болуы тиіс екенін есте ұстаған жөн, - деп атап өтті "Азаматтарға арналған үкімет" ШҚО филиалы директорының орынбасары Айжан Агибаева.


Айта кетейік, бүгінгі таңда әлеуметтік төлемдердің 14 түрін ресімдеуге болады, олардың ішінде: 

- 1,5 жас жасқа дейінгі туу және бала күтімі бойынша жәрдемақы;

- "Алтын алқа" және "Күміс алқа"алқаларымен марапатталған аналарға арналған жәрдемақы;

- Мүгедектігі бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;

- асыраушысына күтім жасау бойынша мемлекеттік жәрдемақы;

- көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы; 

- мүгедек балаға күтім жасау бойынша мемлекеттік жәрдемақы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив