Өскеменде ер адам екі дүкенді тонап кеткен
ШҚО ПД
Полиция қызметкерлері күдіктіні уақытша ұстау изоляторына қамады.
Күдікті алдымен гүл дүкенін, артынша азық-түлік дүкендерін тонап, сатушыларды соққыға жыққан, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО ПД ақпаратына сүйеніп.
Түнгі уақытта полицияға гүл сататын дүкеннің сатушысы ұрлық жасалғаны туралы хабарлаған.
Тәртіп сақшылары күдіктіні жедел анықтап, қамауға алды. Облыстың 30 жастағы тұрғыны тонау кезінде қылмыс жасаған маңда тәулік бойы пәтер жалдап тұрғаны анықталды. Ұрланған ақшаны қарыздарын өтеуге жұмсаған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық жағдайларды және ықтимал қатысушыларды анықтауға бағытталған қосымша тергеу жүргізілуде.
Күдікті мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.