KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО әкімінің кеңесшісі Алишер Сүлейменов Күршім көпірінің маңыздылығы туралы сұхбат берді

21.10.2024, 18:55 99 Төлеуғазы Жансая

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі Әлішер Сүлейменов 24.kz арнасына берген сұхбатында Күршім көпірінің құрылысы туралы Мемлекет басшысының тапсырмасының орындалғанын қуана жеткізді.

«2019 жылы 19 қыркүйекте Мемлекет басшысы ШҚО Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылысы туралы тапсырма берген болатын. Бүгін сол тапсырма жүзеге асырылды. Бұл тек шығыс өңірі ғана емес, бүкіл еліміз үшін үлкен қуаныш. Көпір ШҚО-ның 7 ауданын – Зайсан, Марқакөл, Самар, Күршім, Алтай, Катон-Қарағай және Үлкен Нарын аудандарын жалғайды. Көліктердің жыл бойы үздіксіз әрі қауіпсіз қатынауына мүмкіндік береді», – деді Әлішер Сүлейменов.

Кеңесшінің айтуынша, бұл көпір отандық мердігерлермен бірлесіп салынған және оны «ОблШығысЖол» компаниясы жүзеге асырды. Орта Азиядағы ең үлкен көпір саналған нысанның ұзындығы 1316 метрді құрайды. Оның мультипликативтік, экономикалық, әлеуметтік әсері зор, туризм, ауыл шаруашылығы, кен өндірісі мен сауда-саттық салаларына айтарлықтай ықпал етеді.


«Шығыс өңірі бұл көпірді 60 жылдан аса күтті. Бүгін осы тарихи оқиғаның куәсі болып, торқалы тойды атап өтіп жатырмыз», – деп сөзін аяқтады Әлішер Сүлейменов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу