KZ
Өскемен
-3°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
511 602.72 6.49

Шығыс Қазақстанда көктайғақ: автокөлік иелеріне ескерту

Gov.kz

29.10.2024, 08:00 211 Төлеуғазы Жансая

Шығыс Қазақстан облысында 29 қазан күні ауа райының күрт нашарлап, солтүстік пен шығыста қалың көктайғақ болатыны болжануда. Осыған байланысты «Қазгидромет» РМК 28 қазан сағат 20:00-ден 29 қазан 20:00-ге дейін дауылды ескерту жариялады.

«ҚАЖсервис» ШҚО филиалы жүргізушілерге сақтық шараларын ұстануды ескертеді. Ауа райының өзгеруін және нашарлауы туралы хабарламаларды мұқият бақылап, елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды сұрайды. Қала сыртына шығу қажет болған жағдайда, көлікті қысқы дөңгелекпен жабдықтап, қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес беріледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу