KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
487.37 532.94 5.09

Ертең ШҚО-да қалың қар жауады

pexels.com

Кеше, 20:00 31 Назерке Каримова

«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, 13 қазанда Шығыс Қазақстанда облыстың солтүстігі мен шығысында қалың қар жауады деп күтілуде.

12 қазанның сағат 20.00-нен 13 қазан 20.00-ге дейін дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Осыған байланысты, «ҚАЖсервис» ШҚО филиалы автокөлік иелеріне ескерту жасады.

- Жүргізушілер ауа райының өзгеруін, сондай-ақ, ауа райының нашарлауы туралы хабарламаларды мұқият қадағалап отыруы тиіс. Мекеме жол қозғалысына қатысушыларға ауа райы нашарлаған жағдайда елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды сұрайды, - деп ескертті «ҚАЖсервис» ШҚОФ.


Егер сіз қала сыртына жолға шығуға мәжбүр болсаңыз, көлікті дайындап, қысқы дөңгелек салып, өз қауіпсіздігіңізді ойлап, сақ болыңыз!

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив