ШҚО-да 384 отбасы «ұзақ уақыт» бойы әлеуметтік көмекке мұқтаждықтан шыға алмай отыр
Облыстық әкімдікте өтіп жатқан жиында аймақ басшысының бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов өңірдегі атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға азайту керектігін қадап айтты,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысында 384 отбасы немесе 1805 адам бірнеше жыл қатарынан атаулы әлеуметтік көмек алуға мұқтаж. Бұл 2020 жылдан 2024 жылға дейінгі «ұзақ уақыт» атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жүргізілген талдау нәтижесінде анықталған. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Альмира Мусинова «ұзақ уақытқа» атаулы әлеуметтік көмек алушылардың дені Алтай, Шемонаиха, Ұлан аудандары мен Өскемен қаласының тұрғындары екенін атап өтті.