KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
488.11 530.09 5.01

ШҚО-да 1690 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алуда

30.10.2024, 11:30 119 Төлеуғазы Жансая

Шығыс Қазақстан облысында әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың тұрмысын түзетуге бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Солардың бірі – атаулы әлеуметтік көмек. Биылғы жылдың 9 айында көмектің аталмыш түрін өңірдегі 1690 отбасы алған. Бұл туралы облыстық әкімдікте өтіп жатқан жиын барысында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Альмира Мусинова мәлімдеді,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 
Биылғы жылдың 9 айындағы жағдайға сүйенсек,  8 066  адамнан тұратын 1690 отбасы 670,1 миллион теңге сомасында  атаулы әлеуметтік көмек алған. Оның  ішінде 611 көпбалалы отбасы бар. 

- Атаулы әлеуметтік көмек алу кезеңінде 1 жастан 6 жасқа дейінгі 2312 бала 76,6 миллион теңге сомасына 1,5 айлық есептік көрсеткіші бойынша 5538 теңге мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем алды, - деді Альмира Мусинова. 

Жиында басқарма басшысы ағымдағы жылдың 19-шы қаңтарында облыс әкімі Ермек Көшербаев биылғы жылдың қорытындысы бойынша аз қамтылған азаматтарды 20 пайызға төмендете отырып, кедейлік пулынан шығару жөнінде кешенді шаралар қабылдау туралы хаттамалық тапсырма бергенін атап өтті. 
Жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов жауапты сала мамандарына «Отбасының цифрлық картасы штабының жұмыс алгоритміне» сәйкес «Д» және «Е» категориялары отбасыларының санын ағымдағы жылдың  15 қарашасына дейін 10 пайызға азайтуды тапсырды. Яғни, халықтың әлеуметтік ахуалының жақсаруы жолында жасалатын құзырлылыар әрекеттері тиімді жұмыс істеуі тиіс. Бұл - жаңа жұмыс орындары, жақсы жалақы, тұрақтылыққа қол жеткізу.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив