KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 10 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

ШҚО-да әлеуметтік көмек алушылар екі есе азайды

17.01.2023, 14:48 375 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысында атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны жыл сайын төмендеп келеді.

Бес жыл бұрын 6,2 мың адам болса, биыл бұл 3,1 мың адамға дейін кеміді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жалпы, 2022 жылы облыс бойынша атаулы әлеуметтік көмек пен кепілдендірілген әлеуметтік пакетті төлеуге барлығы 2 миллиард теңге жұмсау көзделген. Осылайша жыл басынан бері осындай көмекке мұқтаж үш мыңнан астам аз қамтылған және көпбалалы отбасы көмек алды. Оған қоса, бірден алты жасқа дейінгі 3567 бала кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ үш мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып, тұрақты және уақытша жұмыс орындары арқылы нәпақа тапты.

– 2020 жылдың қаңтар айынан бастап атаулы әлеуметтік көмек тағайындау заңы мен ережелеріне бірқатар өзгеріс енгізілді. Яғни, бұған дейін шартты ақшалай көмек бір жылға, ал шартсыз ақшалай көмек алты айға тағайындалып келсе, өзгерістерден соң атаулы әлеуметтік көмек тоқсан сайын тағайындалатын болды. Бала күтімі бойынша аралық жеті жастан үш жасқа төмендеді. Бұл дегеніміз, баласы үш жасқа толғаннан кейін аналар белсенді жұмыспен қамту шараларына тартылуы керек деген сөз. Учаскелік комиссияларға көмек тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығаруға құқық берілді. Азық-түлік жиынтығы мен гигиеналық құралдарды ұсыну бойынша бір жастан алты жасқа дейінгі балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік пакет енгізіліп, азық-түлік жиынтығы айына бір реттен берілетін болды, – дейді облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Альмира Мусинова

Осылайша, атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға және төлеуге енгізілген өзгерістер осындай көмекке сүйенушілер санын қысқартуға мүмкіндік берді. Оған қоса, олардың арасындағы патерналистік көңіл-күй мен әлеуметтік тәуелділікті төмендету үшін облыста ақпараттық жұмысты күшейту жөнінде медиа жоспар бекітіліп, жергілікті жердегі жұмыспен қамту қызметтері әр отбасының әлеуметтік портретін жасау бойынша жұмыстарды бастап кетті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив