KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Чехов-Нұрмағамбетов қиылысындағы жарық қайта қосылды

6.11.2024, 14:30 114 Төлеуғазы Жансая

Чехов-Нұрмағамбетов қиылысындағы жарықтандыру жүйесінің ақауларына байланысты тұрғындардан шағымдар түскен еді. Бұл мәселе бойынша Мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы мен «КЭМОНТ» АҚ мамандары жедел әрекет етіп, жөндеу жұмыстарын жүзеге асырды. Тиімді кері байланыс нәтижесінде көшедегі жарық қайта қалпына келтірілді,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Биыл қазан айының соңында МЖӘ орталығы мен Өскемен қаласындағы ірі компаниялардың бірі «КЭМОНТ» АҚ арасында қаладағы көше жарықтандыру желілерін күтіп ұстау бойынша келісімшарт жасалған болатын. Құзырлы органдардың айтуынша, «КЭМОНТ» компаниясында кәсіби мамандар жеткілікті, бұл қаладағы ауқымды мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік береді. Келісімшартқа қол қойылғаннан бері компания көшедегі жарық шамдарының жұмысын тұрақты бақылауға алып, істен шыққандарын жөндеп келеді. Қазіргі уақытта жарықтандыру көрсеткіші 90 пайыздан асқан, шамамен 10 пайыздай шамдарды қалыпқа келтіру қажет, – дейді Мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығының өкілдері.

Жарықтандыру желілерінің жағдайына жауапты «КЭМОНТ» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Булат Сыпатаев қаланы жарықпен қамтамасыз ету үшін үш ауысымдық жұмыс тәртібін енгізгенін айтты.

– Желілерді қалыпқа келтіру бойынша 3 бригада жұмыс істейді: 1 бригада – түнде, 1 бригада – күндіз. Қосымша тағы бір бригада тек ақауларды жоюмен айналысады. Мәселен, біріншіден – шамды ауыстыру, екіншіден – шамның неліктен сөнгенін анықтау. Кей жерлерде кабельдер әбден тозған, арасында 60-жылдардан бері пайдаланылып келе жатқандары бар, – деді Булат Сыпатаев.

Қала әкімдігі үшін жарықтандыру мәселесі үнемі күн тәртібіндегі өзекті жұмыс бағыты болып табылады. Қазіргі уақытта Үлбі көпірінде, сондай-ақ С. Нұрмағамбетов көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейінгі аумақта жарық шамдарын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.


Фото, видео: Ермек Жиенбеков

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу