KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
475.39 513.37 5.4

Өскеменде көше шамдары жөнделіп жатыр

Фото: depositphotos.com

1.07.2024, 17:58 54 Ержан Әбіш

1 маусымда Өскемендегі жанбай тұрған шамдардың саны 2077 дана болатын. Бір ай ішінде 33 көшедегі 977 шам жөнделді. Жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

2017 жылғы 23 маусымда «ШҚО МЖӘ өңірлік орталығы» АҚ Еуропалық қайта құру және даму банкімен Өскемен мен Семей қалалары көшелерінің жарықтандыру жүйелерін жаңарту жобасын іске асыру бойынша кредиттік шарт жасасқан болатын. 2019 жылғы желтоқсанда осы шарт аясында «ШҚО МЖӘ өңірлік орталығы» мен Everlight Electronics Co компаниясы арасында көше жарықтандыру жүйелерін жаңғырту бойынша келісім жасалды.

Everlight Electronics Co шарт бойынша өз міндеттерін тиісінше орындамағандықтан осы жылғы 13 маусымда облыс әкімінің бірінші орынбасары Н. Сақтағановтың хаттамалық шешімімен «ШҚО МЖӘ өңірлік орталығына» келісімшартты бұзу және айыппұл санкцияларын салу жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды. 17 маусымда «ШҚО МЖӘ өңірлік орталығы» Everlight Electronics Co компаниясына келісімшартты бұзу және айыппұлдарды өтеу туралы талап қойды.

1 маусымдағы жағдай бойынша жанбай тұрған шамдардың саны 2077 дана болатын.

2024 жылғы 3 маусымнан бастап «ШҚО МЖӘ өңірлік орталығы» АҚ шамдарды жөндеу бойынша төрт электротехникті көшелердің жарықтандыру жүйелерін жаңғырту жөніндегі жұмыс тобына қабылдады.

1 шілдедегі жағдай бойынша Өскеменнің 33 көшесіндегі 977 шам қалпына келтірілді. Олар қазір жанып тұр.

Атап айтсақ, Өскеменнің мына көшелеріндегі шамдар жөнделді: Алматы – 8 дана, Байбатчин – 13 дана, Высоковольтная – 5 дана, Карбышев – 18 дана, Леваневский – 4 дана, Линейная – 6 дана, Островский – 39 дана, Полтавская – 11 дана, Предгорная – 8 дана, Рабочая – 5 дана., Сквозной – 4 дана, Шелехов – 11 дана, Щербаков – 4 дана, Энтузиастов – 28 дана, Юго-Восточная – 3 дана, 30-шы Гвардиялық дивизия – 48 дана, Гагарин – 51 дана, Космическая – 16 дана, Халықтар достығы – 3 дана, Әуезов – 11 дана.

Шығыс кентінде шамдарды жөндеу жалғасуда. 1 шілдеге дейін 15 көшедегі 137 шам қалпына келтірілді.

Сондай-ақ Әл-Фараби, Көкжал Барақ және басқа көшелерде де шамдарды қалпына келтіру жұмысы жүруде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив