KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 2 м/с, В
494.87 520.65 4.91

Көктайғақ кезіндегі қауіпсіздік ережелері (видео)

Gov.kz

13.11.2024, 14:00 91 Гульжан Мусина

 

Көктайғақ – бұл қардың тығыздалып, мұзға айналған тайғақ беті. Әсіресе жолдар мен тротуарларда жиі пайда болады және көп жағдайда ауа райының суытуына байланысты жүру қауіпсіздігі төмендейді. Статистикаға сәйкес, жол-көлік оқиғаларының шамамен 40%-ы қыста көктайғақ пен қардың салдарынан болады. Жүргізушілер үшін басты сақтық шарасы – қозғалыс жылдамдығын азайту және абай болу. Ал жаяу жүргіншілерді екі негізгі қауіп күтеді – тайып құлау және көліктің астына түсіп кету. Суық маусымда көгеру, буын шығу және сүйек сынуы сияқты жарақаттардың саны артады. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай күндері зардап шегушілердің саны екі есеге көбейеді.

Көктайғақ кезінде құлау қаупін азайту үшін келесі ережелерді сақтаңыз:

Биік өкшелі аяқ киімнен бас тартып, сырғанамайтын табаны бар аяқ киім таңдаңыз.
Аяғыңыздың астына мұқият қараңыз, қауіпті жерлерді айналып өтуге тырысыңыз.
Егер мұзды жерді айналып өту мүмкін болмаса, кішігірім жылжымалы қадамдармен, шаңғышы секілді қозғалыңыз.
Жолдың жүріс бөлігінде аса сақ болыңыз: асықпай жүріңіз, жүгірмеңіз.
Көлбеу беттерден аулақ болыңыз, мүмкіндігінше қолдарыңызды бос ұстаңыз.
Ауыр сөмкелерді алып жүрмеңіз және қолыңызды қалтаңызда ұстамаңыз – бұл құлау мүмкіндігін арттырады.
Қарт адамдарға арнайы резеңке ұшы бар таяқ немесе ұштары бар таяқтарды пайдалану ұсынылады.
Бұл ережелерді сақтай отырып, өзіңіздің және басқалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете аласыз.

ШҚО ТЖД

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу