KZ
Өскемен
-9°
туман жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Көктайғақ кезіндегі қауіпсіздік ережелері

pexels.com

12.11.2024, 10:00 82 Төлеуғазы Жансая

Көктайғақ – қар қабатының тығыздалып, тайғақ мұзға айналуынан пайда болатын құбылыс. Мұз, әдетте, су жиналған немесе көлік пен жаяу жүргіншілердің қозғалысы жоғары жерлерде қалыптасады. Бұл көбінесе жолдар мен тротуарларда байқалады. Статистика бойынша, қыс мезгіліндегі жол-көлік оқиғаларының шамамен 40%-ы дәл осы көктайғақ пен қардан туындайды.

Жүргізушілерге кеңес: жолда сақ болу, төмен жылдамдықпен жүру маңызды.

Жаяу жүргіншілерге келетін қауіптер: тайып құлау немесе көліктің астына түсу қаупі бар. Суық кезеңде көшедегі жарақат алу оқиғалары да көбейеді: көгеру, буын шығуы, сыну жағдайлары жиі кездеседі. Дәрігерлердің мәліметінше, осындай күндері жарақат алғандар саны екі есеге артады.

Көктайғақ кезінде жарақат алу ықтималдығын төмендету үшін келесі ережелерді сақтаған жөн:

  • Биік өкшелі аяқ киімнен бас тартып, сырғанамайтын табаны бар аяқ киім киіңіз.
  • Аяғыңыздың астына қарап жүріңіз, қауіпті жерлерден айналып өтуге тырысыңыз.
  • Мұзды бетке шығуға тура келсе, қысқа және сақтықпен жылжитын қадамдар жасаңыз.
  • Жолдың көлік жүретін бөлігінде аса мұқият болыңыз: асықпаңыз және жүгірмеңіз.
  • Қолдарыңыз бос болуына тырысыңыз; ауыр сөмкелерден аулақ болып, қолды қалтада ұстамаңыз — бұл құлау қаупін арттырады.
  • Қарт адамдарға резеңке ұшы бар таяқша немесе ұшы бар арнайы таяқшалар пайдалану ұсынылады.

Қарапайым сақтық шараларын сақтау арқылы өзіңізді және басқаларды көктайғақ кезінде ықтимал қауіптерден қорғауға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу