KZ
Өскемен
небольшой снег жел 2,4 м/с, ОБ
494.87 520.65 4.91

Маралдыдағы көпір келер жылы жөнделмек

depositphotos.com

14.11.2024, 19:00 99 Гульжан Мусина

Маралды ауылының тұрғындары ауылдағы негізгі көпірдің техникалық жағдайына алаңдаулы. Ауыр жүк көліктері үшін бұл көліктің жарамсыз екенін алға тартып, жергілікті белсенділер құзырлылардан шектеу енгізуді талап етуде. Ауыл өкілдері көпірден салмағы 20 тоннадан аспайтын көліктер ғана өтуі тиіс деп, оның уақтылы жөнделуін сұрап отыр, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі. 

«Дидар» газетінің редакциясы ауыл тұрғындарының шағымына құлақ асып, мәселе бойынша сұрақтарды құзырлы мекеме басшылығына тікелей жолдаған еді. ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы Нұржан Жұмаділовтың мәліметінше, саланың сарапшы мамандары жүргізген арнайы сараптамалар көпірдің техникалық жағдайы ауыр жүк көліктерінің қозғалысы үшін қауіпсіз деп көрсеткен. Ал келесі жылы жүргізілетін көпірді жөндеу жұмыстары алдын ала жоспарланып қойған.

Сараптама нәтижелеріне сәйкес, көпірдің негізгі құрылымдары (арқалықтар, тіректер, қоршаулар) жұмысқа жарамды күйде. Ең ауыр жағдайдағы жүктемелерге (80 тоннаға дейінгі көлік салмағы, жаяу жүргіншілер, қар жүктемелері) төтеп бере алатын қауқары бар. 80 тоннаға дейінгі көліктердің қауіпсіз өтуі үшін сағатына 20 км жылдамдықпен және ара қашықтықты кемінде 30 метр сақтай отырып қозғалуы керек.

Маралды ауылының көпірге қатысты мәселесі облыстық әкімдік пен жауапты басқарманың қадағалауында. Көпір бойынша келесі жылға жоспарланған жөндеу жұмыстары осы мәселенің түбегейлі шешілуіне бағытталмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу